Қазақстанда ішкі әуе рейстерінде биометрия енгізіледі

Қазақстанда ішкі әуе рейстерінде биометрия енгізіледі
ЖИ: Dalanews.kz

Қазақстанда ішкі әуе рейстеріне биометриялық жүйе енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, пилоттық жоба алғаш рет Астана – Шымкент бағыты бойынша іске қосылады.

Әуежайдағы тексеру уақыты қысқарады

Қазіргі таңда Астана мен Алматы әуежайларында Q-Gate жүйесінің 16 терминалы жұмыс істеп тұр. Министрліктің мәліметінше, бұл жүйе жолаушылардың тексеруден өту уақытын үш минуттан 50 секундқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Тағы төрт қалаға орнатылады

Биыл дәл осындай тағы 16 терминалды Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау әуежайларына орнату жоспарланған. Билік өкілдерінің айтуынша, биометриялық жүйе жолаушыларды тіркеу мен бақылау процесін жылдамдатып, әуежайдағы кезекті азайтуға көмектеседі.