Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімі қысқаруы мүмкін

Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін визалардың мерзімі қысқаруы мүмкін
pixabay.com

Қазақстанда этникалық қазақтарға берілетін С1 және С10 санатындағы визалардың қолданылу мерзімін қысқарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл өзгеріс Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің визаларды рәсімдеу, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзарту және қысқарту қағидаларына енгізілетін түзетулер жобасында қарастырылған. Құжат 2026 жылғы 26 мамырда жарияланған. 

Жоба сипаттамасында С1 және С10 санаттарындағы визалардың қолданылу мерзімін қысқарту визалық реттеуді өзектендіруге, көші-қон бақылауын жетілдіруге және жекелеген виза санаттарының мерзімдерін оларды рәсімдеу мақсаттарына сәйкестендіруге бағытталғаны айтылған.

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, С1 визасы Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келетін немесе елде жүрген этникалық қазақтарға беріледі. Қазіргі қағида бойынша ол көп мәртелік және бір жылға дейін жарамды. 

Ал С10 визасы Қазақстанға жеке сапармен келетін этникалық қазақтарға арналған. Қолданыстағы тәртіп бойынша бір мәртелік виза 90 тәулікке дейін, ал көп мәртелік виза үш жылға дейін беріледі. 

Жаңа өзгерістер қабылданған жағдайда, аталған визалардың қолданылу мерзімдері қысқаруы мүмкін.

Құжат әзірге өзгерістер жобасы ретінде жарияланған.