Қазақстанда етке сұраныс баяғы қалпында, алайда баға күрт көтеріліп кеткен

Қазақстанда етке сұраныс баяғы қалпында, алайда баға күрт көтеріліп кеткен
Ulysmedia

Қазақстанда қой еті мен сиыр еті айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Energyprom мәліметінше, бір жыл ішінде қой еті шамамен 25 пайызға, сиыр еті 20 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар, жылқы еті де қымбаттаған.

Сарапшылардың пікірінше, ет өндірісі кейінгі екі жыл қатарынан төмендеп кеткен, ал сұраныс жоғары.

Қазір бір келі қой еті шамамен 4 мың теңге, сиыр еті 3,7 мың теңге, жылқы еті 4,1 мың теңге төңірегінде.

Ең жоғары баға Алматы мен Ақтауда тіркелсе, Орал мен Ақтөбеде төмен баға байқалады. Сарапшылар әзірге баға төмендеуіне негіз жоқ екенін айтады.