25 тамызда Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кей жерлерде жаңбыр, найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Ал батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы сақталады.
Еліміздің солтүстігінде күндіз ауа температурасы +25+32°C, орталық және оңтүстік өңірлерде +25+35°C аралығында болады. Шығыста температура +20+31°C шамасында күтіледі.
Қазгидромет мәліметінше, 25 тамызда бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.