Ақпан айында “Enbek” электрондық еңбек биржасында 121,8 мың бос жұмыс орны мен 132,3 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 23,2%-ға артса, түйіндемелер саны керісінше 31%-ға (минус 59,6 мың) азайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ең көп бос жұмыс орындарын ұсынған салалар:
Ақпарат және байланыс – 40,9 мың вакансия
Білім беру – 26,6 мың вакансия
Денсаулық сақтау – 9,3 мың вакансия
Денсаулық сақтау саласында ең үлкен сұраныс санитарлар (1,5 мың) мен медбикелерге (1,3 мың) болды.
Біліктілік құрылымы бойынша сұраныс:
Жоғары білікті мамандар – 59%
Орта білікті мамандар – 29%
Біліктілігі жоқ мамандар – 12%
Өңірлер бойынша еңбек нарығының динамикасы:
Бос жұмыс орындарының саны артқан аймақтар:
Батыс Қазақстан облысы – +301%
Шығыс Қазақстан облысы – +156%
Қарағанды облысы – +76%
Керісінше, төмендеу байқалған өңірлер:
Жетісу облысы – -33%
Шымкент қаласы – -26%
Маңғыстау облысы – -25%
Түйіндемелер саны азайған өңірлер:
Маңғыстау облысы – -46% (5,8 мың бірлік)
Жетісу облысы – -45% (4,3 мың бірлік)
Жамбыл облысы – -44% (6,3 мың бірлік)
Гендерлік және жас ерекшеліктері бойынша:
Жұмыс іздеушілердің 53%-ын әйелдер, 47%-ын ерлер құрайды – бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
Ең белсенді ізденушілер – 26-35 жас аралығындағы азаматтар (26,6%), одан кейін 36-45 жас аралығындағы мамандар (26,1%).
25 жасқа дейінгі жастар – 14,9%, 55 жастан асқандар – 12% үлеске ие.
Жалақы деңгейі:
Ақпан айында еңбек биржасында ең жоғары жалақы 663 мың теңгені құрап, бас құрылысшыларға ұсынылды.
Сонымен қатар телекоммуникациядағы жоба жетекшілері – 653 мың теңге, өнімді әзірлеу жөніндегі басшылар – 625 мың теңге мөлшерінде жалақы алуға үміткер бола алады.
IT-бөлімшелер басшылары, энергожүйе инспекторлары мен геофизиктер ең жоғары жалақыны сұраған мамандықтар қатарында.
Жалпы, 2025 жылдың ақпанында түйіндемелер саны азайған кезде бос жұмыс орындарының айтарлықтай өсуі байқалды. Жоғары білікті мамандар, әсіресе IT, білім беру және медицина салаларында әлі де сұранысқа ие. Алайда, кейбір салаларда жалақы бойынша ұсыныстар мен үміттер арасындағы алшақтық сақталуда.