Қазақстанда ең бай зейнеткерлер қанша алады?

Dalanews 25 қаң. 2024 08:59 1254

Бір жылда БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 3,2 трлн теңгеге өсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.


2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қор салымшыларының шоттарында 17,9 трлн бар.


“Үстем сома міндетті жарналар есебінен қалыптасты. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының көлемі 568,5 млрд теңгені, ерікті жарналар бойынша шамамен 5,3 млрд теңгені құрады”, - деп атап өтті қор.


Өткен жылы БЖЗҚ қазақстандықтарға 591,3 млрд теңге жұмсаған. Соларға тоқталып өтсек:


тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емдеуге – 284 млрд;


сақтандыру ұйымдарына аударымдар бойынша – 54 млрд;


мұраны төлеуге – 52,6 млрд;


Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға жол жүруге – 39,8 млрд теңге;


жерлеуге – 39,8 млрд;


мүгедектік төлемдері бойынша – 2,8 млрд;


кәрілік төлемдері бойынша – 150,6 млрд.


Орташа айлық төлем 32 202 теңгені, ең жоғары сома 742 692 теңгені құрады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар