Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын күзге дейін анықталады

Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын күзге дейін анықталады
pixabay.com

Қазақстанда екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысына арналған алаң күзге дейін таңдалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді. Жоба Қытай тарапынан техникалық қолдау арқылы жүзеге асырылмақ.

Екі АЭС-тің нақты құрылысы мен құны техникалық-экономикалық негіздеме дайындалғаннан кейін белгілі болады. Склярдың айтуынша, құрылыс алаңын таңдау процесі ұзаққа созылмайды.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ресейге қарсы санкциялар Қазақстандағы АЭС құрылысына зиянын тигізбейтінін айтқан. Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 20235-2036 жылдары аяқталуы мүмкін екені де хабарланды. Ал болашақ АЭС-та апатты жағдай туындағанда, оған кім жауапты болатыны да белгілі болды.