Қазақстанда екі жерде жұмыс істейтіндер есепке алына ма?

Сағыныш Сардарова 09 қаз. 2025 14:56

Қазақстанда екі жерде жұмыс істейтіндер есепке алына ма? Сенат дәлізінде журналистердің сауалына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, негізгі және қысқартылған жұмыс күнімен еңбек етуге заң тыйым салмайды.

"Егер азамат бір жерде толық, ал екінші орында қысқартылған күнмен еңбек етсе, бұл заңды. Қосымша жұмыс істейтіндердің нақты санын біз есепке алмаймыз", – деді ол.

Еңбек кодексіне сәйкес азамат бірнеше жерде еңбек ете алады. Алайда белгілі бір шектеулер бар: негізгі жұмыс уақыты 8 сағаттан, қосымша жұмыс 4 сағаттан аспауға тиіс. Осылайша жалпы жұмыс күні 12 сағаттан артық болмауы керек.

Ал екі орында да толық жұмыс күнін атқаруға заң бойынша рұқсат етілмейді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар