Қазақстанда қан тапсырған азаматтарға берілетін өтемақы көлемі артпайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қаржы министрлігі донорларға төленетін өтемақыны 0,25 АЕК-тен 1,25 АЕК-ке дейін өсіру туралы ұсынысты қолдамады. Бұған себеп - 2028 жылдың соңына дейін жаңа әлеуметтік шығындарға қойылған шектеу.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігіне донорларды қаржылай емес, өзге тәсілдермен ынталандыру ұсынылды. Яғни жеңілдіктер беру, мәртебесін арттыру сияқты қолдау түрлері қарастырылуы мүмкін.
Бұған дейін Үкімет "Құрметті донор" атағын қайтару және төлемді көбейту мәселесін талқылаған еді. Алайда 2026–2028 жылдарға арналған бюджетте бұрынғы қаржы көлемі сақталған. Бұл бағытқа 809,8 млн теңге қарастырылған.
Донорларды қосымша қолдау мәселесін енді жергілікті әкімдіктер өз деңгейінде шешеді.
