Қазақстанда витаминдердің бөлшек саудадағы бағасы өсіп жатыр. Биылғы қаңтар–маусым айлары аралығында бір қаптама витаминнің орташа құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға қымбаттаған. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында бағаның өсу қарқыны 8,5% болған еді. Бұл туралы EnergyProm сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылы витаминдер, провитаминдер және олардың туындылары өндірісінің жалпы көлеміндегі қазақстандық өнімнің үлесі небәрі 1%-ды құраған. Осы кезеңде импорт көлемі 41%-ға өсіп, 242,4 тоннаға жетті.
Сарапшылардың пікірінше, импорттың айтарлықтай артуына ішкі нарықтағы сұраныстың өзгеруі және дәстүрлі түрде қазан айында басталатын тұмау мен суық тию маусымы қарсаңында қор жинау әсер етуі мүмкін.
Ел ішінде витаминдердің сатылымы 235 тоннадан асты. Сонымен қатар экспорт көлемі де едәуір ұлғайып, 4,4 есеге өсіп, 9,2 мың тоннаға жеткен. Алайда отандық өндірістің үлесі өте төмен болғандықтан, бұл көрсеткішті негізінен қайта экспорт ретінде бағалауға болады.