BYD қытайлық автоконцерны биылғы тоқсан қорытындысы бойынша сатылымын 2 пайыздан астамға азайтты. China EV Data Tracker дерегінше, бұл 2020 жылдан бергі алғашқы төмендеу. Бұған дейін компанияның сатылымы тұрақты өсіп келген еді, тек соңғы жаз айларында өсімнің қарқыны баяулады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ал Geely концерні үшінші тоқсанда өткен жылмен салыстырғанда 96 пайыздық өсім тіркеді.
BYD үшінші тоқсанда әлем бойынша 1 105 591 көлік сатқан. Сарапшылардың айтуынша, көрсеткіш одан да төмен болуы мүмкін еді, егер кейбір факторлар болмағанда. Мәселен, экспорт көлемі 146 пайызға өсіп, 232,8 мың машинаға жеткен. Сондай-ақ таза электромобильдерге сұраныс шамамен үштен біріне артып, 582,5 мың көлік сатылған.
Қыркүйек айында компания сатылымы жалпы есеппен 6 пайызға төмендесе, BYD негізгі брендіне сұраныс бірден 11,6 пайызға азайған. Бұл әсіресе ішкі нарықта айқын байқалады.
Ал гибридті модельдерге сұраныс алты ай қатарынан құлдырап келеді. Қыркүйекте төмендеу 25 пайызды құрады.
Сонымен қатар BYD-дың басқа маркалары керісінше өсім көрсетуде.
FangChengBao жол талғамайтын көліктерінің сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 345 пайызға артты (шамамен 24 мың көлік);
Yangwang премиум маркасының сатылымы 145 пайызға көбейіп, 758 көлікке жетті.
Сатып алушылардың қызығушылығы артқанына қарамастан, жалпы сатылым саны бойынша Geely әлі де BYD-дан төмен тұр. Дегенмен оның модельдік линеекаларының танымалдығы өсіп келеді. Мәселен, Geely Galaxy сериясының қыркүйектегі сатылымы бір жыл ішінде 130 пайыздан астам өсіп, рекордтық 120 868 көлікке жеткен.
Күзде сондай-ақ Xiaomi, Xpeng және Leapmotor сынды жаңа стартаптардың да тарихи көрсеткіштері тіркеліп отыр.