2026 жылдың қаңтар айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында 126 қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеді. Оның 110-ы жемқорлық сипатындағы істер, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, тіркелген жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану деректеріне қатысты.
Қаңтар айында 89 адамның заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылған. Сондай-ақ 129 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 121-і сотқа жолданған.
Аяқталған істер бойынша анықталған залал көлемі 18 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 100 млн теңгеден астамы мемлекет бюджетіне қайтарылған.
