Қазақстанда бір апта ішінде қарақұмық пен сиыр еті қымбаттап кеткен

Көркем Алдабергенова 10 қаз. 2025 11:00

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 30 қыркүйектен 7 қазанға дейін елде бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы өскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Апта ішінде қарақұмық 0,7%-ға өсіп, бір келісі 230 теңгеге жетті.

Екінші орында – сиырдың грудинка бөлігі

Сиыр еті 0,4%-ға қымбаттап, бір келісі 3244 теңге болған.

Басқа азық-түліктердегі өзгеріс

Сары майдың бағасы 4829 теңгеге дейін көтерілсе, он жұмыртқаның орташа бағасы 558 теңгеге жетті.
Сүт пен сүзбе 0,1%-ға өскен: сүт – литріне 425 теңге, сүзбе – келісіне 2280 теңге.

Жалпы динамика

Апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы айтарлықтай өзгермегенімен, жыл басынан бері олардың құны 8,1%-ға артқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар