Қазақстанда бензин сапасына қатысты заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Техникалық реттеу және метрология комитеті биыл сапа талаптарына сай келмеген жанармай партияларын сатуға тыйым салынғанын мәлімдеді. Жалпы құны 5,76 миллион теңге болатын отын сатылымнан алынған. Бақылау мақсатында 22 үлгі іріктеліп, заңбұзушылықтар үш өңірден анықталған.
Алматыда АИ-100 бензинінің октан саны 100 болуы керек болса, 99 болған. Сонымен қатар, отындағы күкірт мөлшері белгіленген нормадан 3,3 есе жоғары шыққан.
Қызылорда облысында АИ-95 бензинінің октан саны 92 болған. Жетісу облысында АИ-92 бензиніндегі күкірт мөлшері 105 мг/кг-ға жеткен. Норма бойынша бұл көрсеткіш 50 мг/кг-нан аспауы керек. Осы заңбұзушылық үшін шамамен 843 мың теңге айыппұл салынған.