Қазақстанда басқа елдерге көмек көрсететін агенттік құрылады

Dalanews 20 там. 2020 06:42 868

Елімізде "КаzAID қазақстандық халықаралық даму агенттігі" құрылады, деп хабарлайды Dalanews.kz "Хабар 24"-ке сілтеп.




Жаңа ұйымның басты міндеті – басқа мемлекеттерге көмек көрсету. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Коммерциялық емес агенттіктің жарғылық капиталы республикалық бюджет есебінен қалыптасады. Ұйымды құруға 138 млн теңге жұмсалады. Мұнда халықаралық бизнес саласында тәжірибеден өткен 15 маман қызмет етеді. Алдымен Орталық Азия мемлекеттеріне көмек беру шаралары қолға алынбақ.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, тек гуманитарлық көмек емес, басқалай да қолдау болады. Мысалы, студенттерге грант бөлу және медицина саласында әріптестік орнату жоспарланған. Жалпы тәуелсіздік жылдары Қазақстан Ауғанстан мен басқа да дамушы елдерге 500 млн доллардан астам қаржыға көмек көрсеткен.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Дамуға ресми көмектің гуманитарлық және басқа да көмектерден ерекшелігі – экономика мен адами капиталды дамытуға бағытталады. Және бұл ұзақ мерзімді жобаларға арналған. Ал, гуманитарлық көмек өзекті мәселе туындаған кезде ғана жібереді. Дамудың ресми көмегі сыртқы саясатты нығайтудың құралы деп айтуға болады. Әлемде қазір бір-біріне қол ұшын беру, қолдау көрсету маңызды болып тұр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар