Қазақстанда банктер мен байланыс операторларына қатысты 52 алаяқтық іс тергелуде

Көркем Алдабергенова 10 ақп. 2025 13:27 1314

Қазақстанда банктер мен байланыс операторларына қатысты 52 алаяқтық іс тергелуде, деп хабарлайды Dalanews.kz Informburo.kz сайтына сілтеп. 
 
Қазіргі уақытта аталған істердің ешқайсысы сотқа жіберілмеген.
“Барлық істер тергеу өндірісінде, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Досудиялық тергеу деректері жарияланбайды”, – деп мәлімдеді қадағалау органы редакцияның сұрауына берген жауабында.
Құзырлы органдар алаяқтықпен күреске бағытталған заңнаманы қатаңдату бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарына тексеру жүргізуде.
 
Банктер мен байланыс операторлары алаяқтыққа қалай ықпал еткені жөнінде Бас прокуратура тергеу құпиясына байланысты ақпарат бермейтінін мәлімдеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар