Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген ақша сауна, салон ашуға жұмсалған

Сағыныш Сардарова 07 қаз. 2025 11:35

Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген ақша сауна, салон ашуға жұмсалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржы министрлігі "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша мемлекет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық қарыз алушы 13 млрд теңге несиесін ауыл шаруашылығын дамытуға қатысы жоқ мақсатқа жұмсаған. Мемлекет қаражаты сұлулық салондарын, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға жұмсалған. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады. 

Қаржыны мақсатсыз жұмсау деректері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметінде де анықталған.

"Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мемлекеттік қолдауды баю құралына айналдырып отыр, олар алған несиелерін пайыз түрінде кіріс алу үшін банктерге депозит етіп салады. Мұндай деректер Түркістан облысында 2 млрд теңгеге, Абай облысында 152 млн теңгеге анықталды", - деді Такиев.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар