Қазақстанда әскерилердің жалақысы көбейеді

Көркем Алдабергенова 13 қаң. 2026 10:09

Қазақстан Қорғаныс министрлігі армиядағы еңбекақыны арттырудың келесі толқынына кірісетінін жариялады. Жаңа тәртіп бойынша офицерлердің жалақысы едәуір өссе, қатардағы жауынгерлер мен сержанттардың табысы да қосымша ұлғаяды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрлік дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері әскери қызметшілердің табысы айтарлықтай көбейген. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап офицерлер орта есеппен 20 пайыздан астам үстеме алған, ал төменгі құрамның жалақысы үштен біріне жуық артқан. Бұған қоса, бірнеше жыл бұрын тоқтатылған далалық төлемдер қайта іске қосылған.

Енді 1 шілдеден бастап әскери жаттығуларға, теңіздегі қызметке немесе оқу-жиындарына қатысқан сарбаздар мен офицерлер әрбір күні үшін қосымша ақы алады. Бұл төлем іссапар ретінде рәсімделмейді және мөлшері 1,2 айлық есептік көрсеткішке тең болады. 2026 жылы бұл шамамен 5 190 теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, мемлекет әскерде жүрген азаматтардың қаржылық жағдайын жеңілдету шараларын да қолға алған. Қазіргі таңда мерзімді қызметтегі 20 мыңнан астам сарбаздың банктік қарыздары уақытша тоқтатылып, жалпы сомасы 8 миллиард теңгеге жуық несиеге «демалыс» берілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove