Қазақстанда 489 млрд теңге тиімсіз жұмсалған: Бірнеше лауазымды тұлға жұмысынан босатылды

Қаракөз Амантай 17 мам. 2024 17:53 4311

Былтыр бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың 158 қызметкері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтің мәлімдеуінше, 2023 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 489 млрд теңгені құраған.

Тиімсіз пайдаланылған қаражаттың 87,2 млрд теңгесі – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы қалдық, 143,2 млрд теңгесі – игерілмеген бюджет қаражаты, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер, 258,5 млрд теңгесі – мемлекеттік аудит және бақылау қорытындылары бойынша анықталған бюджет жүйесі қағидаттарының бұзылуы.

"Бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында шаралар қабылданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді вице-министр.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар