Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында мемлекеттік бюджет кірістері жоспардан асып түсті. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ведомство дерегінше, бес айда бюджетке 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түскен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға жоғары.
Жергілікті бюджет кірісі де өскен
Қаржы министрлігінің мәліметінше, жергілікті бюджеттердің кірісі 4,05 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларымен салыстырғанда 2,4%-ға көп. Министрлік бюджет түсімдерінің артуын бірнеше фактормен байланыстырды.
Өсімге не әсер етті
Ведомство өкілдерінің айтуынша, кірістердің көбеюіне салық реформасы, экономикалық белсенділіктің артуы және шикізат бағасының қолайлы болуы әсер еткен. Сонымен қатар Қаржы министрлігі бюджет саясаты инфрақұрылымды дамытуға бағытталғанын атап өтті.
«Бюджет инфрақұрылым, жолдар, энергетика және инженерлік желілерді дамыту бағытын сақтайды», – деп мәлімдеді министрлік.