Қазақстанда 20 қыркүйекте алғашқы қар жауады

Сағыныш Сардарова 19 қыр. 2025 13:00

Қазақстанда 20 қыркүйекте алғашқы қар жауады. Қазгидромет ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктер 20, 21, 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді. Кейбір өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Бұршақ жауып, дауыл соғуы да ықтимал.

20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Бірнеше өңірде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар