Freedom Inside '26

Қазақстан Үкіметіндегі ең жас министрлер кімдер?

Қазақстан Үкіметіндегі ең жас министрлер кімдер?
Dalanews.kz коллажы

26 адам Қазақстан Үкіметінде басшылық қызмет атқарады. Олардың ішінде үшеуі ғана әйел, деп хабарлайды Dalanews.kz NewTimes.kz-ке сілтеп.

Расында, 26 министрдің ішінде небәрі үшеуі ғана әйел. Олар – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Жас ерекшелігі бойынша да қызық тұстары бар:

  • Ең жасы үлкені – экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ол 1961 жылы туған.
  • Ең жас министрлер қатарында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бар, екеуі де 1983 жылы туған.
  • Сондай-ақ, 1984 жылы дүниеге келген туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бар.

Бір жылда туған замандастар да жоқ емес. Олар - Серік Жұманғарин, Қанат Бозымбаев, Ғани Бейсембаев және Даурен Қосанов. Бәрі де 1969 жылы туған.