Қазақстан төрт айдан бері мұнайға экспорттық баж мөлшерін төмендетіп келеді

Көркем Алдабергенова 01 жел. 2025 12:42

Қазақстан төрт ай қатарынан мұнайға экспорттық баж мөлшерін төмендетіп келеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшылардың сөзінше, 1 желтоқсаннан бастап мұнайға арналған экспорттық кедендік баж мөлшері (ЭКБ) қарашамен салыстырғанда тағы 3%-ға төмендеп, тоннасына 64 АҚШ долларынан 66 долларға дейін төмендеді.

Қазан айында ЭКБ тоннасына 68 долларды құраған (қыркүйекпен салыстырғанда 3% төмендеу), қыркүйекте – тамызбен салыстырғанда 4% төмендеу тіркелген. ЭКБ-нің төмендеуі KEBCO және Brent маркалы мұнай бағасының әлемдік нарықтағы құлдырауымен синхронды жүруде. Бұл Қазақстан үшін жағымсыз жаңалық болып отыр.

Желтоқсанда мазутқа арналған экспорттық баж тоннасына 30 доллар, вакуумдық газойльге (ВГО) – 60 доллар, сұйытылған көмірсутекті газға нөлдік мөлшерде белгіленген. Битумға арналған баж «төмен сұраныс» кезеңінде, яғни 1 қазаннан 31 мамырға дейін 15 еуроны құрайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар