Freedom Inside '26

Қазақстан ТМД елдері ішінде қонақүй броньдау бойынша көш бастады

Қазақстан ТМД елдері ішінде қонақүй броньдау бойынша көш бастады
pixabay.com

2025 жылдың жазында ТМД елдері ішінде қонақүй броньдаудың ең жоғары өсімі Қазақстанда тіркелді. ТАСС-қа сілтеме жасаған зерттеу деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артқан, деп хабарлайды Dalanews.kz

Жоғары өсім көрсеткен өзге елдер қатарында Армения (+55%), Грузия (+37%), Қырғызстан (+27%) және Өзбекстан (+16%) бар.

Ал Еуропалық бағыттар ішінде Франция көш бастады (+21%), одан кейін Испания (+15%) мен Италия (+5%) орналасқан.

Азияда қонақүй броньдау көрсеткішінің айтарлықтай өсуі Вьетнамда (+35%) және Мальдив аралдарында (+18%) байқалды.

Осылайша, Қазақстан ТМД кеңістігінде туризм өсімінің басты драйверіне айналса, Азия мен Еуропада ең танымал бағыттар қатарында Вьетнам мен Франция көш бастады.