"Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды" деген ақын полицияға шақырылды

Сағыныш Сардарова 31 нау. 2026 09:08

Жуырда әлеуметтік желілерде ақын Танагөз Толқынқызының қазақ қоғамы туралы жазбасы қызу талқыланған еді. Осы пікірден кейін ақын полицияға шақырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақынның сөзінше, Қазақстан ешкім өз ойын айта алмайтын үлкен түрмеге айналмауы керек.

"Бүгін маған Астана қалалық Сарайшық ауданы полициясынан хабарласты. Менің үстімнен 7 наурыз күні фейсбук парақшамда жарияланған "Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қала алмайды" деген постыма егов арқылы бір адамнан шағым түскенін мәлімдеді. Мені 31 наурыз күні таңғы сағат онда Сарайшық ауданы полиция бөлімшесіне келуімді сұрады. Мен полицияға адвокатсыз бара алмаймын. Оны өздеріңіз де іштеріңізден біліп, түсініп отырсыздар. Адвокаттың шығындарын көтеру өз алдына үлкен мәселе болып тұр. Себебі мен 2022 жылдан бері телеарналарда жұмыс істемеймін. Ип-ны табыс көзі болмағандықтан 3 жыл мерзімге уақытша ресми түрде тоқтатқанмын.
Жалпы мен халықтан ақша жинауға қарсы адаммын. Өйткені халықтың жағдайы дәл өзімдікі сияқты қиын жағдайда екенін білемін. Кредит төлеп, қалт-құлт етіп өмір сүріп жатқан елден ақша жинау адамдардың жүйкесіне тиеді. Сондықтан ойлана келе адвокаттың шығындары мен еңбекақысын төлеуге өзімнің кітаптарымды сатуға шығармақпын", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Танагөз Толқынқызы Facebook-тегі парақшасында қазақ қоғамына қатысты сыни пікір білдіріп, елдің қазіргі жағдайына баға берген еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove