Қазақстан сөз еркіндігі жағынан 160-орында

Dalanews 20 сәу. 2016 05:30 816



"Шекарасыз репортерлер" ұйымының (RSF) 2016 жылға арналған "Дүниежүзілік сөз бостандығының индексінде" бірқатар елдердің баспасөз еркіндігі күрт төмендеп кеткендігі айтылады.





RSF тәуелсіз БАҚ-тың көбі "діни идеология" мен "жалпы насихат механизмінің" ықпалына түсіп кететіндігін атап өткен. "Барлық әлемде "олигархтар" БАҚ-ты сатып алып, үкіметтің қысымына қарсы қолданады", — делінген штаб-пәтері Парижде орналасқан ұйымның есебінде.

Қазақстан бұл есепте, былтырғы жылдағыдай 180 елдің арасында 160-орында. Былайша айтқанда сөз еркіндігі жағынан Египет (159) пен Руандаға (161) көрші. Қырғызстан бұл рейтингте 85, Өзбекстан 166-орында.

"Бұл репрессивті шиыршықты ешкім тоқтатпайды», — делінген Қазақстанға арнаған бөлігінде. RSF Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлғайған жасы мен тереңдеп бара жатқан экономикалық дағдарыс оның "паранойлық" және "бәрін бақылауға алу" құлшынысын арттырып барады дейді аталған ұйым.

Есепте 2013 жылдан бері Қазақстанда негізгі оппозициялық басылымға тыйым салынғандығы айтылады. Құқыққорғаушылар егер жаңа тәуелсіз басылым ашылатын болса, билік оны жапқанша тыным көрмейді дейді. "Тиімсіз" журналистер сот арқылы қуғындалатыны да баяндалған. Сонымен бірге баяндама авторлары елде интернетке бақылау күшейтілгенін атап өткен.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар