Қазақстан сыбайлас жемқорлық бойынша әлемдік рейтингте нешінші орында?

Қаракөз Амантай 11 ақп. 2025 15:12 1681

Transparency International жариялаған 2024 жылғы “Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде” Қазақстан өз көрсеткішін жақсартып, 40 ұпай жинады. Еліміз 180 мемлекеттің ішінде 5 сатыға көтеріліп, 88-орынға жайғасты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл нәтижеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген кешенді шаралардың арқасында қол жеткізілді. Сарапшылар Қазақстанның 2016 жылдан бері көрсеткішін айтарлықтай жақсартқан елдердің қатарында екенін атап өтті. Сол уақыттан бері елдің индексі 11 ұпайға өсіп, 29-дан 40-қа жеткен.

Жаһандық деңгейде жемқорлықты қабылдаудың орташа көрсеткіші – 43 ұпай, ал Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағындағы 19 елдің орташа нәтижесі – 35 ұпай.

Орталық Азияда Қазақстан ең жоғары позицияны иеленіп, рейтингін жақсартқан жалғыз ел атанды.

“Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан.

Жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып саналады. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделге”, - делінген Антикор хабарламасында.

Бұл индекс мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты бағалау үшін 9 түрлі ұйымның деректеріне негізделген кешенді зерттеу нәтижесінде жасалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар