Қазақстан шекарасында жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) елден заңсыз шығарылуына жол бермеу мақсатында 59 полиция бекеті орнатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері жанармайды ел аумағынан заңсыз алып шығуға қатысты 255 әрекеттің жолы кесілген.
Ведомствоның хабарлауынша, заң бұзушылар көліктерін арнайы қайта жабдықтап, қосымша жанармай бактарын орнатқан. Осылайша олар шекара арқылы мүмкіндігінше көп көлемде отынды алып өтпек болған.
Аталған заң бұзушылықтар үшін 195 шетел азаматы мен 60 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ІІМ полиция бекеттері Қазақстанның қай елдермен шекарасында орналасқаны және мұндай құқық бұзушылықтар қай кезеңде жиі тіркелгені туралы нақты ақпарат берген жоқ.