Қазақстан шекарасында 1,3 мыңнан астам заңсыз жанармай әкету әрекеті тоқтатылды

Қазақстан шекарасында 1,3 мыңнан астам заңсыз жанармай әкету әрекеті тоқтатылды
pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шілде айының алғашқы 21 күнінде мемлекеттік шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетудің 1342 әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

ҰҚК мәліметінше, 1-21 шілде аралығында өткізу бекеттерінде жалпы көлемі 112 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдау әрекеттері тіркелген.

Ведомствоның хабарлауынша, заң бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылған.

ҰҚК мұндай шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағармайдың көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр.