Қазақстан-Ресей: мәдени диалог қай деңгейде?

Dalanews 14 қаз. 2019 04:20 825

Қазақстан мен Ресейдің арасындағы мәдени әріптестік соңғы жылдары баяулап қалмайды? Мәдени диалогты жаңа деңгейге көтерудің қандай жаңа амалдары бар?

«Еуразия әлемі» пікірсайыс клуыбының кезекті отырысы

«Қазақстан мен Ресейдің мәдени әріптестік контексіндегі қарым-қатынасына баға беру» тақырыбына арналды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың айтуынша биылғы жылы соңғы жылдары баялау қалған мәдени әріптестікке қай жан бітті.

«Қыркүйек айының 7-11 аралығында Мәскеу қаласында Қазақстандағы Ресейдегі Мәдени күндері өтті. Осы шара аясында «Қазақстан» деп аталатын мәдени-іскерлік орталығы ашылды.

Жалпы айтқанда екі елдің арасындағы мәдени-гуманитардық байланыстар биылғы жылы жаңа деңгейге көтерілді» дейді ол.

Ал журналист Евгений Пастуховтың айтуынша ресейліктердің көпшілігі Қазақстан туралы біле бермейлі. «Қазақстанның ерекшілігі, бояу, болмысы қандай екенінен хабарсыз екенін өтірік емес. Сіздерге бір қызық дерек айтайын, кейбір ресейліктер Қазақстанға келу үшін виза қажет деп есептейді екен. Осының өзі Ресей халқының Қазақстан туралы мағлұматы тапшы екенін дәлелдеп отыр», – дейді ол.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті

Гүлмира Илеуованың пікірінше мәдени әріптестік тең дәрежеде болғаны жөн.

Бұл пікірді Samruk Cinema кинокомпаниясының директоры Сәкен Белгібаев та қолдайды.

«Мәдени байланыс туралы айтқанда Ресейдің мәдени өнімдері қазақстандық нарықта өріп жүргенін ескеру қажет. Ал Қазақстанның мәдени өнімдері Ресей нарығында бар ма, олар қаншалықты сұранысқа ие? Мені осы мәселе мазалайды. Жасырары жоқ біздің Ресейдің мәдени ықпалындағы елміз. Сондықтан да қазіргі Ресейдің мәдени портретін қазақстандықтар жақсы біледі», – дейді ол.

Журналист Сергей Козловтың пікірінше мәдени диалог туралы айтқанда жаңа технологияларды белсенді пайдаланған жөн.

«Өз басым YouTube-ті белсенді пайдаланамын. Мұнда Ресейдің тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне қатысты ақпараттар өте көп. Өкінішке орай Қазақстанға қатысты осы мағлұматтар тым тапшы. Көпшілігі хайп жинау мақсатында сауатсыз жасалған саяси роликтер.

Қазақстандық YouTube-та отандық туризмді насихаттайтын жобалар жоқтың қасы. Керек десеңіз, Балқаш мен Зайсан көліндегі демалыстарды да ресейліктер түсірген», – дейді ол.

Шараны түйіндеген саясаттанушы Андрей Чеботарев бұл орайда:

«Ресей мен Қазақстан саяси-экономикалық қана әріптестер емес. Дегенмен бұл тұрғыда да ресейлік сарапшылар Қазақстанды жете танымайтыны соңғы жылдары айқын аңғарылып отыр. Бұл өз кезегінде ертеңгі күні екі елдің арасында түсінбеушілік туғызуы мүмкін» деген пікір білдірді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар