Әскери салаға кеңінен қолданыла бастаған беспилотниктер жаңа заманның соғыс өнерін тұтасымен өзгерткенін сарапшы мамандар алға тартуда. Айталық, әзірбайжандық әскери сарапшы Агил Рустамадзе бұл жайында былай деген еді.
– Қазіргі таңда әскери-техникалық күш-қуаты дамыған АҚШ пен Батыстың бірқатар елдері танк сынды ауыр қаруалардан бас тартып, қарсыластарымен вертуальді жағдайда соғыстатын қару-жарақтарды көптеп шығарып, адам шығынын болдырмауға бас мән беруде. Дамыған елдердің әскері қазір 100-150 шақырым қашықтықта тұрып соғыс жүргізуге дағдыланып жатыр. Мұндай әскер ебедейсіз танктерге мініп, қоян-қолтық ұрысқа бармайды. Бұл ретте беспилотнигтердің алатын орынын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бүгінде ұшқышсыз ұшатын ұшақтар жау тылында барлау жүргізіп, артиллериямен дәл соққы беретін аумақты анықтауда таптырмас құралға айналды. Тіпті, кейбір беспилотниктердің көмегімен тиімді соққы беріп, жеңіске жетуге болатынын көріп жүрміз, – дейді әскери сарапшы.
Бұл ретте сарапшы маманның әңгімесіне алып қосудың өзі артық. Қазіргі таңда Қазақстанның Қарулы күштеріне әскери беспилотниктерді енгізу қарқынды жүріп жатыр. Дүниежүзінде орын алып жатқан қарулы қақтығыстарға қарап отырып, әскерімізде қандай беспилотниктер бар, бұл бағытта қандай жұмыстар қолға алынып жатыр деген заңды сұрақ туындайды. Dalanews.kz сайтының оқырмандарының көкейінде тұнған осы сұрақтарға аз-кем жауап бере кетуді жөн санадық.
Бүгінде еліміздің Құрлық әскерінде бірқатар беспилотниктермен жабдықталған. Солардың бірі «SkyLark» құрылғысы. Аталған беспилотник 10 шаршы шақырым аумақтағы жерге барлау жасай алады. Шағын ұшақ тұрақты базасынан 40 шақырым жерге дейін ұша алатын мүмкіндікке ие.
Бұдан басқа Қарулы күштерде барлау-соққы беруші «WingLoong» кешіне де бар екенін айта кетуіміз керек. «WingLoong» ұшағы өзімен бірге алып ұшатын зымырандарымен жер бетіндегі нысандарын жойып жіберетін жоғары дәлдікке ие әскери техника.
Қытайда өндірілген бұл құрылғы 2,7 мың биіккеөтеріліп, 4000 шақырымға дейін ұша алады. «WingLoong» көк аспан 20 сағат бойы тоқтаусыз ұшып, 1000 келіге дейін «әуе-жер» калсындағы зымыранды көтеретін мүмкіндікке ие.
Мамандар ұшықшысыз ұшатын әскери ұшақтар әскери жойғыш ұшақтар секілді ауқымды инфрқұрылымды қажетсінбейтінімен де тиімді екенін айтуда. Пандемия кезінде еліміз бойынша қабылданған төтенше жағдай кезінде осы әскери беспилотниктердің көмегімен карантин ережелерін бұзған 80-ге жуық құқық бұзушылықтар анықталған еді. Осылайша Қарулы күштердің қатарында тұрған беспилотниктер бейбіт өмір кезінде қоғамға өз пайдасын тигізді.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне қарасты Әуе күштері институты Тараз қаласында әскери беспилотниктерге қызмет көрсететін мамандарды даяарлай бастауы көңілімізге қуаныш ұялатады.
Бұдан басқа Қазақстан мен Түркия әскери саладағы ынтымақтастығын кеңейтіп, Kazakhstan Engineering пен Turkish Aerospace компаниялар өзара келісімге қол қойған болатын. Жаңа келсімге сай алдағы уақытта Қазақстанда әскери соққы беруші ANKA ұшақсыз ұшатын ұшағы құрыстырылатын болады.
Осылайша бауырлас Түркия Қазақстанға беспилотник жасаудың технологиясын беріп, оған қызмет көрсететін мамандар легін дайындауға көмек көрсетпекші. Бұл – Қазақстан Қарулы күштерінің жаңа кезеңге аяқ басқанын айғақтайды. Алдағы уақытта әскери мақсаттағы беспилотниктерді көбейтіп, оны өз жерімізде өндірсек әскери әлеуетіміз арта түсетіні анық.