Қазақстан халықаралық паспорттар рейтингінде 61-орынға ие болды, бұл ел азаматтарына 78 мемлекетке визасыз баруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Henley & Partners компаниясы жасаған рейтингке сәйкес, Қазақстан Боливия және Суринаммен бір деңгейде тұр. Тізімде барлығы 101 мемлекет қамтылған.
Көш басында Сингапур тұр. Бұл елдің азаматтары 199 мемлекетке визасыз сапарлай алады. Екінші орынды Жапония мен Оңтүстік Корея бөліссе, үшінші сатыға Дания, Люксембург, Испания, Швеция және Швейцария жайғасқан.
Ал тізімнің соңында Ауғанстан тұр. Бұл елдің азаматтарына небәрі 24 мемлекетке ғана визасыз кіруге мүмкіндік бар.
Паспорттың «күші» азаматтардың әлем бойынша еркін қозғалу мүмкіндігін көрсететін маңызды көрсеткіш болып саналады.
