Қазақстан өз нарығын қорғауда сылбырлық танытуда - DALA INSIDE

Dalanews.kz 23 қыр. 2025 12:16

Өзбекстан мен Тәжікстан букмекерлік бизнес пен оған қатысты қаржылық ағымдарды бір орталықтан реттеуді ұсынған ресейлік кәсіпкер Умар Кремлевтің (Лутфуллоев) қызметінен бас тартты, деп жазады ВЧК-ОГПУ. Ал Қазақстан әлі де түпкілікті шешім қабылдамаған. Бұл туралы DALA INSIDE арнасы жазды. 

Бұл елдер өздерінің ұлттық жүйесін құруды жөн көріпті. Себебі олай болмаған жағдайда мәліметтердің көршілес елдің арнайы қызметтерінің қолына түсу қаупі туындайтын еді. Котёл жазғандай, соңғы бір жыл ішінде Кремлев Орталық Азиядан шықпай, бірде Өзбекстанда кеңестік боксшыларға ескерткіш ашып, бірде Тәжікстанда жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, бірде өзбек олимпиадашыларына 100 мың доллардан сыйлық үлестіріп жүрген. Алайда мұндай жомарт қадамдар оның басты жобасын - аймақтың букмекерлік нарығы мен қаржылық ағымдарын бақылауға алу бастамасын жүзеге асыруға көмектеспеді.

Кремлевке жақын дереккөздердің бағалауынша, оның Орталық Азиядағы саяхатына 3 миллион доллардан астам қаражат жұмсалған.

Дегенмен Өзбекстанда бұл жоспар толықтай сәтсіз аяқталды. Букмекерлік бизнесті заңдастыру мәселесін ұзақ талқылаған соң, билік оны Ұлттық перспективалық жобалар агенттігінің (НАПП) құзыретіне берді.

Тәжікстанда жағдай Кремлев үшін одан бетер күрделі болды. Президенттің ұлы Рустам Эмомалимен кездесулер мен өзінің туған Гиссар ауданында жол салу бастамасына қарамастан, елдегі букмекерлік нарықты реттеу Қаржы министрлігінің құзырында қала берді. Ұзақ келіссөздерден кейін Тәжікстан билігі де Ресейдің ЦУПИС жүйесінен бас тартты. Кремлевтің тарихи отанындағы қайырымдылық жобалары Тәжікстанға ЦУПИС орнатуға көмектеспеді.

Енді Қазақстан Кремлев үшін соңғы үміт болып отыр деп отыр, ВЧК-ОГПУ. Бізде жағдай өзгеше өрбуде.

Бірнеше жылдан бері Бәс тігулерді есепке алудың бірыңғай жүйесін (ЕСУ) енгізу төңірегінде дау-дамай толастар емес. Ел ішіндегі дереккөздер мұны Кремлев пен Ресейдің ЦУПИС жүйесімен тікелей байланыстырады.

ЦУПИС бүгінде Ресейдегі бүкіл букмекерлік нарықты бақылайды әрі миллиардтаған табыс әкелуде. Сарапшылар "құмар ойынға тәуелділікпен және көлеңкелі схемалармен күрес" деген ресми ұранның артында санкция салынған банктермен байланысты ресейлік құрылымдарды Қазақстанның қаржы жүйесіне кіріктіру әрекеті тұр деп санайды.

Қазақстан әзірге Умар Кремлевтің ұсынысына нақты "жоқ" деген жоқ. Дегенмен жұмыс топтарында отырған кейбір шенеуіктер мұндай біріздендіруге алаңдаушылық білдіріп отыр. Ал Қырғызстанда бұл мәселе әлі талқылану үстінде, нақты шешім қабылданған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар