Қазақстан мұнайының Еуропаға экспорты құбырларға жасалған шабуылдардан зардап шеккен жоқ

Көркем Алдабергенова 27 там. 2025 17:46

Қазақстан мұнайының Еуропаға жеткізілімі қалыпты режимде жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, ресейлік «Транснефть» жүйесі арқылы транзит тоқтаусыз жүзеге асуда.

«Бүгінгі таңда қазақстандық мұнай транзиті ешбір кідіріссіз жүріп жатыр. Мұнай “Транснефть” жүйесіне қалыпты режимде қабылдануда», – деді министр Еуропаға жеткізілімге қатысты сұраққа жауап бере отырып.

Сондай-ақ ол Қазақстанның Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты арқылы мұнай экспортын қайта жандандыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Бұл маршрут бұрын каспий мұнайын тасымалдау үшін пайдаланылған. Алайда шілде айында Azeri BTC мұнайының кейбір партиялары органикалық хлоридтермен ластанып, түркиялық Джейхан портынан жеткізілімдерде ақаулар болған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар