Қазақстан мұнай танкерлеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан мұнай танкерлеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
ЖИ: Dalanews

Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында қазақстандық мұнайды жатқан екі танкерге дрондармен шабуыл жасалды. Салдарынан кемелерде өрт шыққанымен, экипаж мүшелері жалынды дер кезінде сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ мұнайдың теңізге төгілуіне жол берілмеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиғаға байланысты Қазақстанның Энергетика министрлігі азаматтық энергетикалық инфрақұрылымға бағытталған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп бағалады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық салдары анықталғанға дейін терминалда мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілдеде Қара теңізде болған дрон шабуылдарын қатаң айыптады. Ведомствоның мәліметінше, бұл әрекеттер Қазақстанның экономикалық мүдделеріне зиян келтіріп қана қоймай, халықаралық энергетика нарығы мен көлік-логистикалық тізбектердің тұрақтылығына да қауіп төндіреді.

Министрлік азаматтық кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырды.