Минералды отын электр энергиясын өндіруде, көлік және өнеркәсіп салаларында қолданылады. Алайда әлемдегі отын өндіретін елдердің рейтингі өндіріс көлемін есептеу әдісіне қарай өзгереді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Рейтингке энергетикалық және кокстелетін көмір, қоңыр көмір, мұнай, жанғыш тақтатас, табиғи газ және уран өндірісі енгізілген.
Зерттеуде өндірілген өнімнің құны немесе энергия сыйымдылығы емес, оның физикалық көлемі есепке алынған. Сондықтан көмір өндіретін елдер рейтингте ірі мұнай және газ өндірушілерден жоғары орналасқан.
2024 жылы Қытай 4,8 миллиард тонна минералды отын өндіріп, әлемде бірінші орынға шыққан. Бұл жаһандық өндірістің 28,6 пайызына тең. Қытайдағы өндірістің басым бөлігі энергетикалық және кокстелетін көмірге тиесілі.
Минералды отын өндіруде алғашқы 15 елдің рейтингі:
- Қытай – 4,812,6 млн тонна (28,6%)
- АҚШ – 2,277,2 млн тонна (13,5%)
- Ресей – 1,459,0 млн тонна (8,7%)
- Үндістан – 1,142,8 млн тонна (6,8%)
- Индонезия – 921,4 млн тонна (5,5%)
- Аустралия – 614,6 млн тонна (3,7%)
- Сауд Арабиясы – 594,2 млн тонна (3,5%)
- Канада – 489,9 млн тонна (2,9%)
- Иран – 457,1 млн тонна (2,7%)
- Оңтүстік Африка – 234,0 млн тонна (1,4%)
- БАӘ – 228,9 млн тонна (1,4%)
- Ирак – 225,2 млн тонна (1,3%)
- Қазақстан – 224,2 млн тонна (1,3%)
- Қатар – 211,8 млн тонна (1,3%)
- Бразилия – 196,6 млн тонна (1,2%)