Жоғарыда айтылғандарды ескеретін болсақ, Өзбекстан Республикасымен тауар айналымның өсу себептерінен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментке қарасты кеден бекеттерінде кезекте тұрған автокөлік құралдары ұлғаюы орын алды.
Бұл ретте, кезек тұрған автокөлік құралдарын жылдам өткізу және азайту мақсатында, ағымдағы жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов, ҚР ҚМ МКК Төрағасы Марат Сұлтанғазиевның және Департаменттің лауазымды тұлғаларының қатысуымен екіжақты кездесу өтіп, өткізу пунктерін жаңғыртып, жетілдіру мәселесі, автокөлік кептелісіне қатысты сұрақтар талқыланды.
Одан басқа, ағымдағы жылдың 29-30 қазанында және 30 қарашада Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Ғұсман Әмрин бастаумен Өзбекстан Республикасымен екіжақты кездесу өткізіліп, шекарадағы автокөлік кептелісіне байланысты сұрақтар талқыланды.
Кеден бекеттерінде кезекте тұрған автокөлік құралдарының өтуін жылдамдату мақсатында, кеден бекетіне қосымша қызметкерлер мен жұмыс орындары көбейтілді.
Департамент, күнделікті екі рет яғни, сағат 09:00-дегі және кешкі 21:00-дегі жағдайдағы кезекте тұрған автокөлік құралдары бойынша мәліметтерді Департаменттің ресми сайттарына және әлеуметтік желілерге орналастырылды.
Бұл ақпарат, Өзбекстан Республикасына шығатын жүргізушілер мен тасымалдаушылар ресми сайттардан кезекте тұрған көлік құралдары туралы мәлімет алып, көлік құралдары кезектегі аз тұрған кеден бекетін таңдау арқылы өтуге мүмкіншілік береді.
Өз уақытында, кеден бекеттерінде күнделікті орташа 250-300 автокөлік құралдары кезекте тұрған. Кей уақытта 500 автокөлік асқан күндерде орын алғанын айта кету қажет. Жоғарыда аталған шаралардың қабалдаған нәтижесінде, қазіргі таңда кеден бекеттерінде кезекте тұрған автокөлік құралдары орташа 20-30-ға дейін азайған.