Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізіледі

Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізіледі
gov.kz

Қазақстан мектептерінде жаңа пән енгізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" пәні пайда болады.

Жаңа пән аясында жол қозғалысы ережелері, балалар қауіпсіздігі, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік және жеке қауіпсіздікке қатысты тақырыптар оқытылады. Пән сабақ кестесіне енгізіледі.

Бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен "Өркен" орталығы әзірлеген.

Сабақты педагогтер мен психологтар жүргізеді. Жаңа пән 5-9-сынып оқушыларына енгізіледі.