"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Ашхабадқа сапары аясында Түрікменстанның министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Батыр Аманов және "Türkmengaz" мемлекеттік концернінің төрағасы Мақсат Бабаевпен кездесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Екіжақты келіссөздер аясында тараптар қос мемлекеттің газ саласындағы серіктестігін нығайту жолындағы жоспарларын талқылады.
Жекелей алсақ, тараптар өндіру активтерін бірлесіп игеру, екі ел территориясындағы газ жобаларын жүзеге асыру мен өзара тиімді шарттар аясында газ жеткізу мәселелері туралы сөз қозғады.
Кездесу соңында тараптар газ саласындағы серіктестікті кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.