Қазақстан «Евровидение-2027» байқауына қатыса алмайды

Қазақстан «Евровидение-2027» байқауына қатыса алмайды
Eurovision

Қазақстан 2027 жылы өтетін «Евровидение» ән байқауында өнер көрсетпейді. Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) «Хабар» агенттігін байқауға қатысу үшін қажет толыққанды мүшелік талаптарына сәйкес келмейді деп таныды, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Хабар» агенттігі Қазақстанның халықаралық ән байқауына қатысуына өтінім берген. Алайда EBU бұл өтінішті мақұлдамаған.

Ұйым Қазақстан Еуропалық хабар тарату аймағына кірмейтінін, Еуропа кеңесінің мүшесі емес әрі аталған ұйым жанындағы бақылаушы мәртебесіне де ие емес екенін хабарлаған. Осы себепті «Хабар» әзірге EBU-дың толыққанды мүшесі бола алмай отыр.

Қазақстанның «Евровидениемен» байланысы

Қазақстан бұған дейін «Балалар Евровидениесіне» бес рет – 2018 жылдан 2022 жылға дейін қатысқан. Осы кезеңде қазақстандық өнерпаздар екі мәрте күміс жүлдегер атанды.

Ал келесі ересектер арасындағы «Евровидение» байқауы 2027 жылдың мамыр айында Болгарияның Бургас қаласында өтеді. Жартылай финалдар 11 және 13 мамырға жоспарланған болса, финалдық кезең 15 мамырда ұйымдастырылады.