Ал Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі елдегі қақтығыстарды тоқтатып, бейбітшілік дәуірін қалыптастыра алады. Бұл жайында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ойын былайша сабақтады.
– Мемлекет басшысының АҚШ, оның ішінде БҰҰ-на жасаған іс-сапарында биік мінберден сөз сөйледі. Әртүрлі елдерде Құранға қатысты қорлау, маңсұқтау жүріп жатқан кезде діни радикализмнің өршіп кететін жағдайлар болады. Қазақстан әлемдегі қайшылықтарды күшпен емес, ақылмен, парасатпен, сабырмен және мәмілемен шешудің жолын ұсынып отыр, – деді сенотар.