2021 жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда биыл Өзбекстан Қытайға екі есе көп газ сатқан.
Қытайға газ жеткізетін елдер арасында Түркіменстан бірінші орында тұр. Бұл ел жыл басынан бері Қытайға $2,87 млрд газ сатқан. Екінші орында — Ресей (1,04 млрд доллар), үшкінші орында — Мьянма (408 млн доллар). Қазақстан төртінші орында (270 млн доллар) тұр.
Ал Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, Қытайға биыл 229,5 млн долларға газ экспорттаған. Өткен жылғы көрсеткіштен 2,7 есе көп.