Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне 1 млрд доллар төлемей кірді

Сағыныш Сардарова 23 қаң. 2026 09:27

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне бір миллиард доллар көлемінде жарна төлемей-ақ мүше болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, кеңес жарғысында көрсетілген 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке кірудің міндетті шарты емес. Бұл - әрбір мемлекеттің өз еркіне байланысты шешім.

Мұндай жарна алғашқы бір жыл ішінде төленсе, мемлекет кеңестегі мүшелігін белгіленген үш жылдық мерзімнен ұзарту мүмкіндігіне ие болады.

"Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін мемлекеттің өз шешімі ғана қажет. Кеңеске мүше болған сәттен бастап елдің мүшелік ету мерзімі - үш жыл", – деп жазылған хабарламада.

Осылайша Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарнасыз қосылған. Бұл қадам кеңес жарғысының талаптарына толық сәйкес келеді.

Еске салайық, 22 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove