Қазақстан бауырлас түрік халқына көмек көрсетуге әзір - Тоқаев

Dalanews 02 там. 2021 03:48 776

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жеделхат жолдап, Түркияда бұрын-соңды болмаған өртке байланысты көңіл білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -те жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда болған алапат өрт салдарынан елдің экономикасы мен туристік базасына орасан зор шығын келгеніне және азаматтардың денсаулығына ауыр зардабын тигізгеніне байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ниеттестік білдірген жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті өз жеделхатында бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтіп, Президент Режеп Тайип Ердоғанға елдегі табиғат апатына қарсы күресте сәттілік тіледі.

Айта кетсек, аптаның басында тұтанған Түркияның оңтүстігіндегі орман өрті ауыздықталмай жатыр. Қызыл жалын алты провинцияға қанат жайған. Алдын ала деректер бойынша, алты адам көз жұмып, 400-ден аса адам зардап шеккен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар