Freedom Inside '26

Қазақстан балалар құқығын қорғау көрсеткіші бойынша әлемдегі үздік 25 елдің қатарына енді

Қазақстан балалар құқығын қорғау көрсеткіші бойынша әлемдегі үздік 25 елдің қатарына енді
Фото: massaget.kz

Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету деңгейі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарына қосылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

KidsRights Foundation пен Erasmus University Rotterdam әзірлеген KidsRights 2026 жаһандық индексінде Қазақстан 194 елдің ішінде 24-орынға жайғасты. Елдің жалпы көрсеткіші 0,797 баллды құрады.

Зерттеу Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар құқықтары туралы конвенциясына қосылған мемлекеттерді қамтыған. Рейтинг балалардың өмір сүру сапасы, денсаулық сақтау, білім беру, құқықтарының қорғалуы және өмір сүру ортасының қолайлылығы сияқты бірнеше негізгі көрсеткіш бойынша жасалған.

Биылғы рейтингте 0,871 балл жинаған Нидерланд көш басында тұр. Ал Қазақстан Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азиядағы бірқатар мемлекетті басып озды.

Зерттеу авторларының мәліметінше, KidsRights индексі әлем елдеріндегі балалар құқықтарының сақталу деңгейін бағалайтын беделді халықаралық көрсеткіштердің бірі саналады. Ол мемлекеттердің осы саладағы саясатының тиімділігін саралап, қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.