Қазақстан Баку-Супса мұнай құбырын пайдалану мүмкіндігін қарастыруы мүмкін

Қазақстан Баку-Супса мұнай құбырын пайдалану мүмкіндігін қарастыруы мүмкін
Фото: inbusiness.kz

Қазақстан мұнай экспортын ұлғайту және бағыттарын әртараптандыру мақсатында Баку – Супса мұнай құбырын пайдалану мүмкіндігін қарастыруға дайын. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің сөзінше, әзірге бұл мәселе бойынша Әзербайжан тарапымен ресми келіссөздер жүргізілген жоқ. Сондықтан құбыр арқылы мұнай тасымалдау тарифі де белгісіз.

"Егер мұндай мүмкіндік пайда болса, Қазақстан мұнай экспорттаудың кез келген қосымша бағытын қарастыруға дайын", – деді министр.

Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Қазақстан үшін мұнайды шетел нарықтарына жеткізуде Каспий құбыр консорциумы (КҚК) негізгі бағыт болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, әзірге бұл маршрутты толық алмастыратын нақты балама жоқ.

Дегенмен, Қазақстан мұнай экспортын бір ғана бағытқа тәуелді етпеу үшін жаңа тасымал жолдарын іздеуді жалғастырып жатыр.