Қазақстан азаматтығынан бас тартатындар саны 40 есеге жуық азайды

Қазақстан азаматтығынан бас тартатындар саны 40 есеге жуық азайды
anadolu ajansı

Қазақстан азаматтығынан бас тартатындар саны 40 есеге жуық азайды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кейінгі сегіз жылда Қазақстан азаматтығынан шығуға өтініш бергендер саны 40 есеге жуық азайған. Бұл туралы вице-президент Ерлан Қарин мәлімдеді.

Комиссияның соңғы отырысында 255 шетелдікке Қазақстан азаматтығын беру және 43 адамның азаматтықтан шығу мәселесі қаралды. Түпкілікті шешімді Президент қабылдайды.

Ерлан Қариннің айтуынша, Қазақстан паспорты аймақтағы ең беделді паспорт саналады. Қазақстан азаматтары 80-ге жуық елге визасыз бара алады.

Сондай-ақ, ол Қазақстан азаматтығына шетелдік IT мамандары, кәсіпкерлер, инвесторлар мен ғалымдардың қызығушылығы артып келе жатқанын айтты.