Қазақстан авиация бойынша халықаралық өзгерістерді алғашқылардың бірі болып бекітеді

Самал Асқар 19 нау. 2026 19:42

Сенат халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға енгізілетін өзгерістерді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Dala News.

Құжат ИКАО конвенциясының 50(a) және 56-баптарына түзетулер енгізуді көздейді. Бұл өзгерістер күшіне енуі үшін ұйымға мүше елдердің кемінде үштен екісі ратификациялауы қажет.

Қазіргі таңда хаттамаларды 121-ден астам мемлекет қолдаған. Заңға Президент қол қойған жағдайда, Қазақстан Орталық Азияда бұл өзгерістерді ратификациялаған алғашқы ел болады.

Аталған шешім Қазақстанның халықаралық авиациялық міндеттемелерге адалдығын және Чикаго конвенциясының қағидаттарын қолдайтынын көрсетеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove