Қазақстан ауыл шаруашылығындағы отандық техника үлесін 90 пайызға жеткізді — сарапшы

Қаракөз Амантай 28 сәу. 2026 09:45

Қазақстан ауыл шаруашылығындағы отандық техника үлесін 90 пайызға жеткізді. Ендігі сұраныс құрылымы анағұрлым күрделі әрі жоғары технологиялық машиналарға ауысып жатыр. Бұл туралы қаржы сарапшысы Айбар Олжай мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, бүгінде елде жыл сайын 8 мыңнан астам трактор мен 1,2 мың комбайн шығаратын 8 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

“Еліміздің егіс алқаптарында 130 мыңнан астам трактор, шамамен 30 мың комбайн және 200 мыңнан астам тіркемелі және аспалы техника жүр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша техника паркін жаңарту деңгейі 6,5%-ды құрады. Осы көрсеткішті 10% деңгейіне жеткізуіміз керек”, - дейді ол.

Сарапшының сөзінше, былтыр бұл көрсеткіш 6,5 пайызды құраған, ал оны кемінде 10 пайызға жеткізу қажет.

“Қазір техника сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30%-на дейін субсидияланып, отандық техника үшін 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру ұсынылады. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында соңғы екі жылда отандық техника сату көлемі 35%-ға артып, 7,7 мыңнан 10,4 мың бірлікке дейін өсті”, - деп қосты ол.

Айбар Олжай кейінгі екі жылда қабылданған шаралардың нәтижесінде отандық техника сатылымы 35 пайызға артқанын атап өтті. Яғни, көрсеткіш 7,7 мыңнан 10,4 мың бірлікке дейін өскен.

“Бүгін Премьер-Министр ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін компаниялармен кездесіп, мемлекеттің стратегиясын сөз етті. Техниканы өзімізде өндіру өнеркәсіптік жоба ғана емес, сонымен қатар бүкіл агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығының маңызды элементі болып табылады. Ел ішінде өндірілетін техника көлемі артқан сайын, аграршылар сыртқы логистикаға, валюта бағамының ауытқуына, жеткізу мерзімдеріне және қосалқы бөлшектердің қолжетімділігіне тәуелділіктен азаяды”, - деп түсіндірді ол.

Оның пікірінше, отандық өндіріс көлемі артқан сайын фермерлер сыртқы логистикаға, валюта бағамының өзгеруіне және жеткізу мерзімдеріне тәуелділіктен біртіндеп арылады. Сонымен қатар бұл қадам нарықты жабу емес, керісінше шетелдік технологиялармен кооперацияны жаңа деңгейге көтеру екенін айтты.

“Бұл өз өнеркәсіптік базамызды қалыптастырады. Мұндай тәсіл екі жақты нәтиже беретіні анық. Фермерлер неғұрлым қолжетімді әрі заманауи техникаға ие болады, ал экономика жаңа жұмыс орындарын, құзыреттерді, салықтарды және ел ішінде қалыптасатын қосылған құнды алады”, - деді ол.

Сарапшының бағалауынша, Қазақстан жетекші халықаралық брендтерді тарта отырып, өндірісті біртіндеп жергіліктендіруге, сервисті дамытуға және кадр даярлауға басымдық беріп келеді. Бұл өз кезегінде елдің өнеркәсіптік базасын нығайтуға мүмкіндік береді.

“Мұндай тәсіл екі жақты нәтиже беретіні анық. Фермерлер неғұрлым қолжетімді әрі заманауи техникаға ие болады, ал экономика жаңа жұмыс орындарын, құзыреттерді, салықтарды және ел ішінде қалыптасатын қосылған құнды алады”, - дейді ол.

Сарапшы алдағы кезеңде бұл бағыттағы жұмыс күшейетінін айтты.

“Осы бағытта енді тағы да дамимыз. Себебі Үкіметтегі кездесуде Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды. Бізге техника аздық етпейді, ескілерін тез ауыстыру керек. Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша әлемде алтыншы орында. Егіс алқаптары шамамен 24 млн гектарды құрайды. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 9 трлн теңгеден асып, 6%-дан астамға өсті. Астық жинау 26 млн тоннаға, майлы дақылдар 5 млн тоннаға жетті. Бұл қарқынды сақтап, одан әрі арттыру үшін бізге жаңа, тиімді техника керек”, - деп түйіндеді ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove