Қазақстан арқылы ресейлік мұнай транзитіне рұқсат ұзартылды

Самал Асқар 01 сәу. 2026 18:01

АҚШ Қазақстанға Ресей мұнайын Қытайға транзиттеуге рұқсатты 2027 жылдың 19 наурызына дейін ұзартты, деп хабарлайды Dala News.

Бұл шешім Қазақстанға тәулігіне шамамен 200 мың баррель мұнай тасымалдауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл Таяу Шығыстағы тұрақсыздық пен Ормуз бұғазы төңірегіндегі тәуекелдер аясында маңызды.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей транзит көлемін жылына 12,5 млн тоннаға дейін ұлғайту мәселесін талқылап жатыр.

Мамандар бұл шешім Ресей үшін де маңызды екенін атап өтеді, өйткені балама экспорт бағыттары шектеулі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove